АСТАНА. KAZINFORM – Ауа райының қолайсыздығына байланысты Павлодар мен Петропавл қалаларында бірінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары бүгін, 28 қаңтарда онлайн оқиды. Бұл туралы қалалық Білім беру басқармалары хабарлады.
Сонымен қатар Астанада ауа райына байланысты бірінші ауысымның 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.
Айта кетейік, «Қазгидромет» РМК синоптиктері еліміздің бірнеше өңірінің тұрғындарына тұман, көктайғақ, бұрқасынға байланысты ескерту жасады.
Эльмира Оралбаева
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлегі. 2023 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.