Таратылған ақпаратқа қарағанда, бұзушылықтар «иондаушы сәуле шығару көздерін» қолданудың нақты құжатталған сипатына ие екендігін айтуда.
«Кәсіпорындағы радиологиялық жағдай тұрақты дозиметрлік бақылауға сәйкес гамма-сәулеленудің рұқсат етілген деңгейінен аспайды.Жұмыскерлер мен тұрғындардың қауіпсіздігіне қауіп төнбейді. Жабдықтар жақсы күйде және иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеуге арнайы даярлаудан өткен жұмыскерлердің бақылауында», - делінген хабарламада.
Еске салсақ, ҚР Энергетика министрлігі «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-да атом энергиясы саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптары орындалмайтындығын анықтап, дабыл қаққан болатын.