Тамыз айында жүргізілген гидравликалық сынақтар барысында өңірдің үш қаласындағы жылу желілерінен 202 ақау анықталған. Оның басым бөлігі Павлодар қаласында тіркелді. Ақауларды тамыз айының соңына дейін толық жою жоспарланып отыр. Ал 1 қыркүйекке дейін елді мекендердегі ыстық сумен қамтамасыз етуді қалпына келтіру көзделген.
Қазіргі таңда облыстағы көппәтерлі тұрғын үйлердің 99%-ы жылу беру маусымына дайын. Әлеуметтік нысандардың дайындығы 100%-ға жеткен.
— Бізде жылу беру маусымы әдетте 9-10 қыркүйекте басталатын. Биыл да осы мерзімді сақтаймыз деп ойлаймын. Мұндағы мақсат — ең әуелі әлеуметтік нысандарды жылумен қамтамасыз ету және жылу желілерін ретке келтіруге мүмкіндік алу, — дейді Ержан Иманзайыпов.
Оның айтуынша, жылу беру маусымын ерте бастау жүйені толық реттеуге және күн суығанға дейін апаттық жағдайлардың санын барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Өткен жылдармен салыстырғанда тұрғындардың жылумен қамтуға байланысты шағымдары үш есеге азайған.
Бұған дейін Қазақстан жылу маусымына қаншалықты дайын екенін жазғанбыз.
Фото — Валерий Бугаев