Ертіс-Баян өңірінің мемлекеттік қызмет саласында 4 мыңнан адам еңбек етеді.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің ақпаратына сәйкес, аймақта 2025 жылы 14 қылмыстық іс, ал биыл жыл басынан 4 қылмыстық іс тіркелген.
- Бұл ретте, 2025 жылы қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар саны - 7 адам, жыл басынан - 1 адам. Атап айтқанда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы бойынша - 3, құрылыс - 3, салық саласы - 2, ауыл шаруашылығы - 2, ветеринария - 1, жер саласы - 1, қаржы - 1, мемлекеттік қызмет көрсету саласы - 1, білім беру - 1, спорт - 1, көлік бақылау - 1, цифрлық технологиялар саласында 1 адам, - деп хабарлады Kazinform тілшісіне Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өңірлік департаментінен.
Еске сала кетейік, Павлодарда мемлекеттік сатып алулар заңнамасын бұзған шенеуніктер жазаланды.
Сондай-ақ жол күтіміне немқұрайлы қараған шенеуніктер жауапкершілікке тартылды.