Павлодар облысында Мұғалімдер күніне арналған «Ұлағат-2024» салтанатты іс-шарасы өтті. Өңір басшысы Асайын Байханов ұстаздарды құттықтап, Павлодар облысы білім сапасы бойынша әрқашан үздіктердің қатарында екенін атап өтті. Биыл өңірдің мектеп олимпиадалық құрамасы республикалық олимпиадада жалпыкомандалық есепте 1-орын алып, «Үздік олимпиадалық команда - 2024» атағына ие болды.
«Біздің аймақ сіздер негізгін қалаған білім беру әлеуетімен мақтанады. Бізде таланты мен кәсібилігін оқушыларының жетістіктерімен дәлелдеген көптеген дарынды ұстаздар бар», - деп атап өтті Асайын Байханов.
71 ұстазға облыстық және бейіндік наградалар табыс етілді. «Павлодар облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен және 1000 айлық есептік көрсетіш мөлшеріндегі сыйақымен 11 педагог марапатталды. Бұған қоса Оқу-ағарту министрлігі елеулі еңбегі үшін өңірдің 29 мұғалімін Ыбырай Алтынсарин медалімен марапаттады.
Білім беру саласының бірқатар қызметкерлері «Облыс алдына сіңірген еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» төсбелгілерін, ҚР оқу-ағарту министрлігінің Құрмет дипломдарын алды.
Атап өту керек, соңғы екі жылда облыстың 76 мектебінде 82 пәндік кабинет жаңартылды, 4 мектеп пен қосымша білім беру орталығы ашылды, 66 білім беру нысаны жөнделді.
Еске сала кетейік, Павлодарда 30 оқушы халықаралық олимпиадалардың жүлдегері атанған.