Мыңбай Асылбеков ішкі істер органдарында 20 жылдан астам қызмет етіп келеді. Қызметін учаскелік полиция инспекторы лауазымынан бастады, қызметінің көп бөлігінде жедел бөлімшелерде жұмыс жасады. Аудандық полиция бөлімдерін басқарды, есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы болды. Соңғы лауазымы - облыстық ІІД Криминалдық полиция басқармасының бастығы.
«Сіздер барлықтарыңыз білесіздер, Мыңбай Асылбеков қатардағы қызметкерден полковникке дейінгі жолды жүріп өтті. Адамгершілігі мол, тәртіпке қатал қызметкер. Өз ісінің кәсіби маманы. Іскерлік, кәсіби қасиеттерін есепке ала отырып, біздің ІІД ұсынымхаты бойынша Мыңбай Асылбеков осы лауазымға тағайындалды», - деп ерекше айтып өтті СҚО ІІД бастығы полиция генерал-майоры Берік Біләлов.