Павлодар облысы Арыстың 300 баласын жазғы сауықтыру лагерлерінде қабылдайды - Болат Бақауов

Фото: None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысы Арыстың 300 баласын жазғы сауықтыру лагерлерінде қабылдайды. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Болат Бақауов өзінің instagram-дағы парақшасына жазды.

«Арыс қаласында болған оқиға туралы барлығымыз xабардармыз. Дәл осындай қиын сәтте барлық ел болып қол ұшын беруіміз керек. Сондықтан Павлодар облысы Арыстың 300 баласын аймақтың жазғы сауықтыру лагерлерінде қабылдауға дайындығын білдіреді. Сонымен қатар, Арыс тұрғындарына көмек жинау үшін арнайы пункт құрылды. Арыс тұрғындарының өз үйлеріне аман-есен оралуларына тілектеспін!»,-деп жазды облыс басшысы.

Айта кетейік, Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болды.

Оқиға орнына шұғыл түрде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жетіп, жарылыс аумағынан эвакуацияланған тұрғындармен кездесті.

Болған оқиғаға байланысты Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерге көмек қолын созу мақсатында елімізде «Арыс, біз біргеміз» акциясы басталды.

Соңғы жаңалықтар