Бұл туралы Павлодар облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Рустамбек Ықсын айтты.
- Жергілікті полиция инспекторы ауыл тұрғындарының бірінің сарайынан тиісті құжаттарсыз сақталған 8 мм калибрлі ME 8 DETEKTIVE маркалы газ тапаншасын және RECK - COBRA газ револьверін тапты, - деді Рустамбек Ықсын.
Ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды.
Сондай-ақ «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Ақсу қаласының полицейлері Б.Момышұлы көшесінде 44 жастағы ер адамды ұстап, одан 5,45 мм калибрлі екі патрон тәркіледі. Оның не үшін және қандай мақсатта оқ-дәріні алып жүргені тексеру кезінде белгілі болады.
Өңірде 2021 жылдың 17 маусымына дейін «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.