Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі жол қозғалысындағы құқық бұзушылық туралы статистиканы мәлім етті.
«Тізімді жылдам жүруді «жақсы көретін» жүргізушілер басқарады. 2020 жылдың 7 айы ішінде 9731 жүргізуші жылдамдықты асырған. Қауіпсіздік белдігін елемейтін жүргізушілер де олардан қалысы емес, олар – 4 593 адам. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер - екі тең жол қозғалысына қатысушы және барлық жол қозғалысы ережелеріне бірдей бағынады. Өкінішке орай, жаяу жүргіншілер ережелерді қатаң сақтай алмайды. 7 ай ішінде белгіленбеген жерде жүру бөлігінен өткені үшін 3 544 тұрғын жауапқа тартылды, - делінген хабарламада.
Бағдаршамның тыйым салатын сигналына жол жүргені үшін облыстың 1 894 тұрғынына қатысты әкімшілік материалдар толтырылған.
«Жыл басынан бері 734 жүргізуші мас күйінде бола тұра рөлге отырған. Оның ішінде 146 адам 7 жыл мерзімге жүргізуші құқығынан айырылды. 766 жүргізуші 15 тәулікке қамауға алынды», делінген хабарламада.