Павлодар облысында алты адам ағаш кесіп жатқан кезде қолға түсті

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Павлодар облысы ІІД жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері «Ертіс орманы» МОТР РМК Сейтенов орманшылығы инспекторымен бірлесіп ағашты заңсыз кескен алты азаматты ұстады.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

 «Ертіс орманы» табиғи резерваты Сейтен орманшылығындағы ағаш алабын патрульдеу кезінде тәртіп сақшылары ағаш ұрлаушылардың «үстінен түсті». Қаскөйлер арнайы техниканың көмегімен ағашты кесіп дайындаған. Оқиға орнынан МТЗ-80 және екі тіркеуіші бар МТЗ-82 мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз екі трактор алынды. Осы факті бойынша ҚР ҚК 340-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Келтірілген шығын мөлшері  2 млн 256 мың 850 теңгеден астам.