Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, аудандық полиция бөлімінің полицейлері ауыл тұрғынынан «Байкал» травматикалық тапаншасын тәркілеген.
- Тереңкөл ауданының тәртіп сақшылары ауданның тағы басқа бір аулынан нөмірсіз «МР-461» үлгісіндегі травматикалық тапаншаны тәркіледі, - деді Павлодар облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Арыстан Дүйсембаев.
Аталған фактілерге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК 287 - бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Айта кетерлігі, жыл басынан бері Павлодар өңірінің тұрғындарынан 106 қару тәркіленді. Барлық фактілер бойынша тексеру жүргізілді.