«Полицейлер түнгі уақытта Павлодар ауданындағы ауылдардың бірінің маңында істен шыққан электр өткізу желілерінің 770 метр алюминий сымдарын ұрлаған 26-30 жас аралығындағы үш тұрғынды ұстады», - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі журналистерге.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.