Бұл туралы агенттікке Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткен.
«34 жастағы lifan x50 автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, 1994 жылы туған жүргізушінің басқаруындағы lada 21715 автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Жол апаты салдарынан «lada» жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Осы көліктегі 2003 жылы туған жолаушы және «lifan» автокөлігінің жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлады департаментте. Ведомствода аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.11:59, 02 Қазан 2019
Павлодар облысында көлік апатынан бір адам қаза тапты
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Кеше, 1 қазанда Ленин-Курчатов автожолының 20 шақырымында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.