Таратылған ақпаратқа қарағанда, Nissan Primera маркалы көлік жолға шығып кеткен жылқыға соқылған. Оқиға орын алған дәл сол жерде 15 минуттан кейін жүк көлігі 3 жылқыны қағып кеткен. Екі көлікке де шығын келді.
Полиция қызметкерлері жылқышыға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 408-бабымен әкімшілік өндіріс қозғады. Ал жылқылардың иесіне қатысты айыппұл санкциясын салу арқылы ҚР ӘҚБтК-тің 505 және 408-баптарымен әкімшілік өндіріс қозғалып отыр.