Павлодар облысында медбикеге тіл тигізген тұрғын қамалды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Сотта ер адам өзінің кінәсін мойындап, зардап шеккен медициналық қызметкерден кешірім сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Ертіс ауданының полиция бөлімшесінің бастығы Дәулет Молдабаев мәлімдеді.

«34 жастағы мас ер адам 22 жастағы медбикеге тіл тигізген. Медициналық қызметкерді қорлай отырып, ол айналасындағыларға құрметсіздік білдірді», - деді Дәулет Молдабаев.

Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 1-бөлімі 434-бабы бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды. Ертіс аудандық соты ауыл тұрығынын айыпты деп танып, оны үш тәулікке әкімшілік қамауға алды.

Сот тағы бір Ертіс ауданының тұрығына 5 ӘЕК көлемінде айыппұл салды. 44 жастағы ер адам өзінің 58 жастағы ауылдасына тіл тигізген. Облыстық полиция департаментінде ұқсас құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 741 адам әкімшілік жауапқа тартылғанын хабарлады.