Ұсталған күдіктілер бұрын да осыған ұқсас қылмыстары үшін сотталған. 55 жастағы күдікті жұмыс істеген Май ауданының басқа шетінің жайылымындағы құдықтан 20 жылқының жіліншігі табылған. Иелері табылған айғақ арқылы өз жылқыларын таныған. Тергеу амалдары кезінде барымташылардың 21 жылқыны Семей қаласындағы кәсіпкерге сатып жіберіп, тоғызын сойып алғаны анықталып отыр.
«Құжатсыз жылқыны сатып алған кәсіпкерге қатысты шара қолданылады. Аталған жағдайға байланысты Қылмыстық кодекстің «мал ұрлығы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктілер қамауға алынды», - деп хабарлайды Павлодар облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.