630 ұсыныс айтылып, 54 адам ауыз су мәселесін, 135 - жолдарды, білім, денсаулық сақтау және мәдениет нысандарын жөндеу және салу, 57 - электрлендіру мен телефонмен қамту, 97 - елді мекендерді абаттандыру мәселелерін ой елегінен өткізді.
Есептік кездесулердің нәтижелері бойынша қалалар мен аудандардың әкімдіктері тарапынан айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру жоспары жасалады.
Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың есебі 16 ақпанда қоғам өкілдерінің қатысуымен өткізілетін облыстық мәслихаттың кеңейтілген сессиясында болады.