Өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өткен түнде облыстық «112» пультіне 1989 жылы туған ер адам хабарласқан. Ол Баянауыл ауылынан Жүсіпбек Аймауытов ауылы бағытында жаяу келе жатып, адасып кеткенін айтқан.
- Аталған елді мекендердің арақашықтығы шамамен 70 шақырымды құрайды. Оқиға орнына төтенше жағдайлар мен полиция департаментінің қызметкерлері дереу жіберілді. Іздестіру-құтқару жұмыстары 50 минут ішінде аяқталды, - деп хабарлады департаменттен.
Құтқарушылар ер адамды Жүсіпбек Аймауытов ауылынан 30 шақырым жерден тапқан.
Абырой болғанда, ол зардап шекпеген және медициналық көмекке мұқтаж болмаған.
Құтқарушылар төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласу қажеттігін ескертеді.
Еске сала кетейік, Бұқтырма су қоймасында төрт балықшы қамыс арасында адасып кеткен.