«Кейін 26 қыркүйекте көп пәтерлі үйлер қосылады деп жоспарланған. Бүгінде Павлодар қаласында 890 көп пәтерлі үй жылыту маусымына толық дайын. Үйлерде жылу желілерін тазалау жұмыстары жасалды. Одан бөлек, 108 үй 80 пайызға дайын», - деді Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Нұрлан Рашитов.
Ал, «Павлодар жылу желілері» АҚ бас инженерінің орынбасары Павел Плетуховтың айтуынша, қаладағы 159 көп қабатты үй толық дайын екені туралы акт алса, 335 үй дайын болғанымен, мұндай құжат алмаған.Сонымен қатар, Павлодар облысы ТЖД басшысының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау полковнигі Қайрат Шаймарденов 1 қыркүйектен бастап жеке тұрғын үйлер секторында өрт қауіптілігін ескерту мақсатындағы айлық басталатынын айтты.
«Өткен жылыту кезеңінде облыста тұрғын үй секторында 130 өрт болды. Материалдық шығын 18 миллион теңгеден асты. Өрт салдарынан 8 адам қаза тапты, 8 адам жарақат алды. Үйлердегі өрттердің пайда болу себептерінің көбі отты абайсыз пайдалану, электр жабдықтарды дұрыс пайдаланбау, пештерді орнатудағы ақауға және оны дұрыс пайдаланбауға қатысты болады. Сондықтан тұрғындардан жылыту маусымының алдында барлығын тексеріп алуды сұраймыз», - деді Қайрат Шаймарденов.Айта кетейік, көмір бойынша облыста бюджеттік ұйымдардың қажеттілігі 132 мың тоннаны құрайды. Бүгінде 112 мың тонна тасымалданған.
Фото: pavlodarnews.kz