Павлодарда 2 мыңнан астам білім беру қызметкерінің деректері тарап кеткен

АСТАНА. KAZINFORM — Облыстық прокуратура Павлодарда жеке деректердің таралуына тосқауыл қойды, деп хабарлайды.

Фото: Анадолы

Мемлекеттік сатып алу порталында облыс орталығындағы мектептердің медициналық тексеру бойынша қызметтерді сатып алуы туралы хабарландырулар орналастырылды.

Бұл ретте 28 білім беру ұйымдарымен конкурстық құжаттамада өз қызметкерлерінің дербес деректерін, яғни олардың сауалнамалық деректері, тұрғылықты мекенжайлары, телефон нөмірлері көрсетілді.

Жеке деректердің еркін қолжетімділігі еңбек заңнамасының нормаларын бұзумен қатар, оларды алаяқтық мақсатта пайдалану қаупін туындатады.

— Павлодар қаласы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша білім беру саласының 2 065 қызметкерінің дербес деректері ашық көздерден алынып тасталды, ал кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қабылданған шаралар заңдылықты қалпына келтіруге, анықталған бұзушылықтарды жоюға және азаматтардың құқықтарын қорғауға мүмкіндік берді, — делінген Павлодар облысы прокуратурасы таратқан ақпаратта.

Бұдан бұрын Степногорск қаласының прокуратурасы аурухананың операциялық блогын салу барысында заңбұзушылықтарды тоқтатқанын жаздық.