«Павлодар қаласының Солтүстік өндірістік аумағында 34 жастағы ер адамға оқ ату және жаралау фактісі бойынша жүргізілген тергеу-жедел іздеу шаралары нәтижесінде 34 жастағы азамат ұсталды. Ол ешбір жерде жұмыс істемейді, бұрын сотты болған», - деді баспасөз қызметінде.
Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. ҚР ҚК-нің 3-бөлігі, 24-бабы «адам өлтіруге оқталу» бойынша тергеу жалғасуда.