Өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 1946 жылғы қария адам өзен жағасындағы жардың бойымен серуендеп жүріп, абайсызда төменге құлаған.
— Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушыларымыз зардап шеккен қартты эвакуациялауға кірісті. Жер бедерінің күрделілігі мен жардың биіктігін ескере отырып, арнайы альпинистік жабдықтар мен зембіл пайдаланылды. Нәтижесінде құтқарушылар әйелді шамамен бес метр биіктіктен жоғары көтеріп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды, — деп хабарлады департаменттен.
Қазіргі уақытта зардап шегуші Павлодар қалалық № 1 ауруханасының политравматология бөлімінде ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер оның миы шайқалғанын, денесі көгеріп, жамбас және ортан жілік сүйектері сынғанын анықтаған. Науқастың жағдайы ауыр, бірақ тұрақты.
Еске сала кетейік, БҚО-да құрылыс алаңында кран құлап, ер адам мерт болды.