Павлодар өңірінің тұрғыны Бауыржан Жақыпов жылы жаққа ұша алмай қалған қос аққуды құтқарып, үйінде қыстатып жатыр. Оларды сықырлаған сары аязда көлдегі мұз үстінен тауып алған.
— Аққудың аналық сыңары мұзға жабысып қалып, аталық аққу соны күтіп жылы жаққа ұшып кетпей, қасында қалған. Әбден жаурап, әлсіреген. Аязда үйге алып келдік, - дейді ауыл тұрғыны Бауыржан Жақыпов.
Видеодан байқалғандай, жылы үйге кірген аққулар, қалғып-мүлгіп ән тыңдап отыр.