Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бүгін сағат 12:44-те Н.Назарбаев даңғылы 29 мекенжайы бойынша өрт туралы хабарлама келіп түскен. Тұрғын үйдің ауласында 2002 жылы шығарылған Mazda Tribute автомобилінде мотор бөлімі, аспаптар панелі және жартылай екі алдыңғы доңғалақ жанып кеткен.
- Өрт 13:06-да толықтай жойылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болды, - делінген баспасөз хабарламасында.
Төтенше жағдай орнына жеке құрамның алты адамы және өрт сөндіру қызметінің бір техникасы жұмылдырылды.