Павлодарда бір үйдің үш қызын судан құтқарған полицей марапатталды

Фото: None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарда бір үйдің үш қызын судан құтқарған полицей марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сілтеме жасап.

Облыстық полициядепартаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Аққулы ауданы ПБ кезекшібөлімінің аға инспекторы Ғалымбек Жұмабаев қол сағатымен марапатталған.

«Полицейге сыйлықтытабыс еткен департамент бастығының міндетін атқарушы Жасқайрат Қайыров батылдықәрекеті үшін полицейге өз алғысын білдіріп, қызметтік міндеттерін әрі қарайабыроймен атқаруға шақырды», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік,биылғы жылғы шілде айында инспектор Ғалымбек Жұмабаев үш әпкелі-сіңліліқыздарды Ертіс өзенінің ортасына қарай қатты ағыс суы әкетіп бара жатқанжерінен құтқарып алып қалған болатын. Полицей еш ойланбастансуға бата жаздаған қыздарға қарай малтып, оларға жағаға шығуға көмектесті. Қыздар Аққулы ауылының тұрғындары, 1996,1999 және 2002 жылы туған әпкелі-сіңлілер.

Соңғы жаңалықтар