Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, 21-25 наурыз аралығында облыс аумағында 37 қылмыс ашылған.
«Жол жүру ережесін бұзғаны үшін 1 246 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 36 адам көлікті мас күйде жүргізгені үшін ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша автокөліктерді басқару құқығынан айырылды», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 21-25 наурыз аралығында барлығы 2351 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.