Павлодарда дүкен сатушысы 13 млн теңге жымқырған

Фото: None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері павлодарлық полицейлер сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп алу немесе ысырап етудің 34 фактісін ашты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, ақшалайқаражаттың жетіспеуін 42 жасар жеке кәсіпкер анықтаған.

«Тергеу барысында қылмысқа 39 жастағы сатушының қатысыбары анықталды. Ол 2010 жылы жұмысқа қабылданған, сенімге кіргеннен соң өзініңқызметтік өкілеттілігін пайдалана отыра, 13 миллион теңгені жымқырған», - депхабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Жеке кәсіпкердің айтуынша, сатушымен 2010 жылдан беріеңбек шарты, сондай-ақ толық жеке материалдық жауапкершілік туралы келісімшартыжасалған. Сатушыақшаны қайда жұмсағанын енді тергеу анықтайтын болады.

Соңғы жаңалықтар