«26 мамыр күні сағат 10:30-да Павлодар қаласының полициясына оқыс оқиға болғаны туралы хабар келіп түсті. Сағат 09:40-та 44 жастағы ер адам Бейбітшілік көшесіндегі пәтер балконынан абайсызда құлап кеткен. Ер адам мас болған, сол себепті жазатайым оқиға орын алған», - деді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, ер адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.