Павлодар қаласында кеше түннен бері қар жауып тұр. Қаланың коммуналдық қызметтері көшелерді уақтылы тазартуға көңіл бөліп, қар тазалайтын техникаларды көбейтті.
- Қаланы қардан тазалау жұмыстарының сапасын тексердім. Бүгін бұл жұмыстарға күндіз 150, түнде 50-ден астам техника жұмылдырылды. Қазірдің өзінде 1000-нан астам текше метр қар шығарылды. Ең әуелі кептелістерді болдырмау үшін қозғалысы қарқынды көшелер, сондай-ақ жаяу жүргіншілер жолдары, әлеуметтік нысандардың кіреберісі және басқа да аумақтар тазартылып жатыр, - дейді шаһар басшысы Хасар Хабылбеков.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі түнгі ауысымдардың жұмысын бақылап, таңертең барлық аумақтарда көктайғаққа қарсы материалдар себеді.
Қаладағы көшелерге қыс уақытында себу үшін 28 мың тонна құм дайындалған.
Еске сала кетейік, Еуропа банкі жаңа трамвайлар сатып алуға 5 млрд теңге бөледі.