Павлодарда кәсіпкерлік саласындағы қылмыстар 3 есе азайған
АСТАНА. KAZINFORM - Сотқа дейінгі тергеп-бірыңғай тізілімі деректеріне сәйкес, былтыр аймақтағы кәсіпкерлік саласында 12 қылмыс тіркелген.
Ертіс-Баян өңірінің кәсіпкерлік ортадағы қылмыстар саны айтарлықтай төмендегені байқалып отыр. 2023 жылы - 43, 2024 жылы – 37 дерек тіркелсе, өткен жылы небәрі 12 дерек анықталған
- Ең көп тіркелген құқықбұзушылықтар – жұмыстарды нақты орындамай шот-фактура жазу (7 дерек). Қылмыстар санының азаюы кәсіпкерлік ортадағы оң өзгерістерді және бизнесті қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін байқатады, - деп атап өтті өңірлік кәсіпкерлер палатасынан.
Жалпы алғанда, қабылданып жатқан іс-шаралар кәсіпкерлер үшін құқықтық кепілдіктерді нығайтуға және құқық қорғау органдарының алдын алу жұмысының тиімділігін арттыруға ықпал етіп отыр.
- Мұндай статистика қуантпай қоймайды. Өңіріміздің бизнесі қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыс істегені маңызды, әрі кәсіпкерлік субъектілерінің заңмен байланысты мәселелері азайып келеді, - дейді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов.
Еске сала кетейік, ЖИ-дің арқасында 22 жастағы үш кәсіпкер миллиардер атанды.