Павлодарда қазандықтағы жарылыстан екі адам күйіп қалды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Жарылыс салдарынан екі адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews ресурсына сілтеме жасап.

ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Павлодар облысы бойынша департаментінің алдын ала ақпараты бойынша, «Павлодар» ЖШС қазандығының ғимаратында газ-ауа қоспасы жарылған.

Жарылыс салдарынан қазандық ғимараты жартылай қирап, шатыры құлады.

Екі адам зардап шекті. Оның біреуі - компрессор-оператор болса, екіншісі - автогаз тасығыштың жүргізушісі.

- Қоңырау 16:27-де түсті. Оқиға орнына жедел жәрдем және апаттар медициналық орталығының бригадасы жіберілді, – деді облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз орталығы.

Дәрігерлердің айтуынша, денесін күйік шалған 43 жастағы ер адам бірінші қалалық ауруханаға жеткізілген.

Ал 59 жастағы ер адам ауруханаға жатудан бас тартқан.

Фото: pavlodarnews.kz