9 желтоқсан күні кешкі сағат 21.45 шамасында Павлодар қаласының Жібек жолы көшесінде, қалалық қоқыстың жанында 41 жастағы жүргізуші басқарып келе жатқан Shacman автомобилі жол жиегінде отырған 58 жастағы жаяу жүргіншіні қақты.
«Жол-көлік оқиғасының салдарынан жүргінші оқиға орнында қаза тапты» деп мәлім етті Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бүгінде көлік айып тұрағына қойылған. тергеу жүріп жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодар облысында жол апатынан 49 жастағы жүргізуші көз жұмған болатын.
«Ленинский-Русская Поляна» автожолының 136-шақырымында Ертіс ауданы Ынтымақ ауылына жақын маңда «Ауди-80» маркалы автокөліктің 49 жастағы жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Газель автокөлігімен бетпе-бет соқтығысып қалған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Ауди-80» автокөлігінің жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында мерт болды.