- 19 сәуір күні сағат 12.00-де қаладағы Ломов көшесінде «Ниссан» маркалы автокөлік жүргізушісі көлікті басқара алмай, қоршауға соғылып, аударылып қалған, - дейді облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бауыржан Мақашев.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жолаушы - 2016 жылы туған бала мен 30 жастағы әйел Павлодар қаласының ауруханасына медициналық көмекке жүгінді.