«Қамаудағы адамдардың біріне жіберілген сәлемдемені тексеру барысында пісірілген қойдың құйрық майының арасынан қуаттандырғышымен бірге ұялы телефон шықты», - деп хабарлайды ведомство.
Павлодардағы тергеу оқшаулағышының қызметкерлері келесі күні қораптағы шәйдің ішінен целофан орама тауып алды. Сот-медициналық сараптама табылған заттың салмағы 40 грамнан асатын марихуана екендігін нақтылады.
Алматы облысындағы Заречный кентінде орналасқан колонияның аумағына белгісіз адам түйіншек зат лақтырып кеткен. Бұл скотчпен оралған 4 ұялы телефон болып шықты.