Павлодарда лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда террорлық актілердің алдын алуға және оның салдарын жоюға бағытталған жоспарлы лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Павлодардағы жаттығу,  жоспарлы сипатта, - деп хабарлады терроризммен күрес өңірлік жедел штабқа сілтеме жасап Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметінде.

 «Әңгіме түрлі кедергілермен жауынгерлік жағдайға барынша жақын оқу-жаттығу жайында. Оның мақсаты - Терроризммен күрес жедел штабының күштері мен құралдарының оларға жүктелген міндеттерін орындауға әзірлігін тексеру», - деп атап өтеді хабарламада.

Полиция Павлодар қонақтары мен тұрғындарынан уақытша жайсыздыққа түсіністікпен қарауды, тыныштықты сақтауды   және ресми ақпаратты ғана басшылыққа алуды сұрайды. Сондай-ақ көрінеу жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке соқтыратындығын ескертеді.