Павлодарда өз анасын ұрған келіншек 10 тәулікке қамалды

Фото: None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар қаласы ПБ Оңтүстік ПБ полицейлері отбасылық жанжал шығарушы есебінде тұрған 36 жастағы қала тұрғынын тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеру кезінде өз анасын соққыға жығу фактісін анықтады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл әйел бұғандейін қоғамдық орындарда ішімдік ішкені үшін әкімшілік жауапкершіліккетартылған. - Аталған фактіге қатысты ҚР ӘҚБтК 73-бабы 2-бөлімі бойыншаәкімшілік хаттама толтырылды және сотқа жолданды. Анасын соққыға жыққан қызына қатыстыучаскелік полиция инспекторының қолдаухатымен және Павлодар қаласыныңмамандандырылған сотының шешімімен жүріс-тұрысына қатаң талап қойылды және 10тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.

7-13 тамыз аралығында Павлодар облысы аумағында өткізілген «Тұрмыс» республикалықжедел-профилактикалық шарасын (ЖПШ) өткізу барысында 766 құқықбұзушылық тіркелді. Ішкіістер органдарында есепте тұрған 3450 адам тексерілді, 706-сына қатысты қорғауұйғарымдары шығарылды. Сот236 адамға жүріс-тұрыстарына қатысты ерекше талап қойды. 763 тұлға әкімшілікжауапкершілікке тартылды: ҚР ӘҚБК 73-бабы бойынша 138 құқықбұзушы (қоғамдықорында ішімдік ішу, сонымен қатар ішімдікке мас күйінде жүру), ҚР ӘҚБК 440 –бабы бойынша 363 адам (қоғамдық орындарда ішу және мас күйінде болу), ҚР ӘҚБК200-бабы бойынша 11 құқықбұзушы (ҚР ішімдік өнімдерін сату талаптарынсақтамау), ҚР ӘҚБК 127-бабы бойынша 25 адам (балаларды тәрбиелеу бойыншаата-аналармен және заңды өкілдермен міндеттерді орындамау). Сондай-ақ, ІІОесебіне 414 адам қойылды. Полиция қызметкерлерімен517 қолайсыз отбасы тексеріліп, 26 отбасы есепке алынды.

Соңғы жаңалықтар