Павлодарда пәтерлерді жалға беріп жүрген алаяқтың құпиясы ашылды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар полицейлері 30 жастағы пәтер алаяғының схемасын ашты, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жеңіл ақша» қуған ол мынадай схемамен әрекет еткен: интернетте пәтер тапсыратыны туралы жарнама орналастырған, содан кейін әлеуетті жалға беруші ретінде, пәтерлерді қарап, жағдайға келісіп, кепілақы алған. Келесі күні әйел пәтер жалдаушыларға қазір пәтерді тапсыра алмайтынын айтып, біраз уақыт күте тұру өтінішімен қоңырау шалады. Жәбірленушілердің бірнеше рет қоңырау шалғанын елемеген ол біраз уақыттан соң  пәтерді жалға бере алмайтынын хабарлаған.

Ызаланған пәтер жалдаушылар ақшаны қайтаруды талап еткен, ол қазір қайтара алмайтынын, жақында беремін де уәде беріп, ақыр соңы абоненттік нөмірін ауыстырып жіберген.

Сонымен 23 жастағы бойжеткенді 160  000-ға алдап кеткен. Әйелге осындай үш қылмыс жасады деген күдік тағылуда.

Сот алды тергеу жүріп жатыр. Полицейлер күдіктінің басқа осындай қылмыстарға қатыстылығының бар-жоғын тексеруде.