Павлодарда полиция айыппұл төлеу мен жүргізуші куәлігін қалпына келтіруге көмектесуда

Фото: None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында полицейлер «Жолдағы қабылдау» шарасын өткізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«33 жастағы павлодарлық Николай таңертең «Батыр молл» сауда орталығына бара жатып, «Жолдағы қабылдау» шарасын өткізіп жатқан полицейлерді көреді. Жақын келіп, өзінің атында төленбеген айыппұлы бар екенін білді. Оған он минут ішінде айыппұлды төлеуге мүмкіндік берілді. Ол айыппұлын төлеп тастады. Николай көңілді, өйткені таяуда ол отбасымен демалыс өткізуге ұшып кетуі тиіс екен. Енді оған кедергі жоқ», деп хабарлайды Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«Жолдағы қабылдау» шарасын өткізген бір сағаттың ішінде облыстық полиция департаментінің бастығы Амантай Әубәкіров ведомствода алты адамды шағымы бойынша қабылдады. Сұрақтар жол және қоғам қауіпсіздігіне, әкімшілік айыппұл мен көші-қон заңнамасына қатысты болды.

Ең алдымен қабылдауға Бақтияр Баяхметов келді.

«Мен жүргізуші куәлігін 1987 жылы алдым. Қолымда жүргізуші картасы бар, алайда куәлікті жоғалтып алдым. Куәлікті қалпына қалай келтіру керек, қандай құжаттар талап етіледі? Емтихан тапсыру керек пе?» - деді Бақтияр.
«Телнұсқаны алу үшін мамандандырылған ХҚО-ға бар керек, өзімен 083 нұсқадағы медицина анықтамасы, облыстық наркологиялық диспансер мен психоневрологиялық диспансер анықтамасын апару керек, сосын мемлекеттік баж салығын төлейсіз. Емтихан тапсыру қажет емес», - деді А.Әубәкіров.

«Жолдағы қабылдау» шарасынан кейін басшы Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Дулат Төкеновке тапсырма берді. Бақтияр мамандандырылған ХҚО-ға барып он минут ішінде жаңа куәлік алды, деп мәлім етті департаменттегілер.


Авторы Антон Гагарин

Соңғы жаңалықтар