- Адамдардың жоғалуының басты себебі – алкогольге тәуелділік. Сондай-ақ отбасындағы шиеленісті қарым-қатынастар да үлкен әсер ететіні байқалады. Кейбірі өз жоспарлары туралы ешкімді хабардар етпей кетіп үйден кетіп қалады, - дейді өңірлік полиция департаменті криминалдық полиция бастығының орынбасары Аршат Жамиев.
Мәселен, биылғы 11 мамыр күні Павлодар қаласына қарасты Жаңаауыл кентіндегі шаруа қожалықтарының бірінен 36 жастағы әйел анықталды. Ол көрші ауылға кетіп, жұмысқа орналасқан. Алайда туыстарымен байланысқа шықпаған. Себебі олармен араласқысы келмеген және ата-анасынан бөлек тұрғысы келген.
Еске сала кетейік, Жамбыл облысында жыл басынан бері 70-тен астам жоғалған жасөспірім табылған.