Жамбыл облысында жыл басынан бері 70-тен астам жоғалған жасөспірім табылған

Бала, еріктілер
Фото: Жамбыл облысы ПД

ТАРАЗ. KAZINFORM – Жыл басынан бері Жамбыл облысының полицейлері «Лидер KZ» еріктілерімен бірлесіп, кәмелетке толмаған 77 жасөспірімді іздестіріп, олардың 68-ін сол күні тапты.

Балалар мен жасөспірімдердің өз бетінше үйлерінен кетуінің негізгі себептері – ата-аналарымен жанжал және олардан қорқу, қаңғыбастық, балалардың еркелігі мен жауапсыздығы, кезбелік. Негізінен мектепте оқитын балалар үйден кетіп қалып жататын көрінеді. Үйлерінен қашқандардың 55 пайызы қыздар.

Бүгінде Жамбыл облысының полицейлерімен бірге 50-ден астам ерікті жоғалған адамдарды іздестіруде. Еріктілердің айтуынша, жоғалған ересек адамға қарағанда баланы іздеп табу оңайырақ. Ол үшін полиция мен еріктілер жоғалған адамның туыстарымен сөйлесіп, оның әлеуметтік ортасын, әлеуметтік желілерін зерттеп, сол жерден алғашқы іздеу шараларының негізгі орындарын таңдайды. 

«Менің тәжірибемде айтарлықтай орын алған оқиға, ол ата-аналарымен ұрысып, үйден кетіп қалған 3 қызды тапқанымыз. Олардың бәрі үйден қашып кеткен, себебі анасы оны кешке отырысқа жібермеген. Ал қыздар төсек жаймасын пайдаланып, үшінші қабаттың терезесінен шығып кеткен. Біз полицейлермен бірге қыздардың жалға алған пәтеріне бардық. Оларды пәтерден сыртқа шығару қиын болды. Әңгімелесуден кейін барлығы сәтті аяқталды. Тәртіп сақшыларының әрдайым жедел әрі жоспарлы түрде жұмыс істейтінін атап өткім келеді, бұл бірлескен іздеу жұмыстарын айтарлықтай жеңілдетеді», – дейді «Лидер KZ» еріктілер қозғалысының жетекшісі Наталья Афанасьева.

Бұған дейін Жамбыл облысында демалыс басталғалы 236 жасөспірім полиция бөлімдеріне жеткізілгенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар