«Мүрдені 19 желтоқсанда тапты. Жас жігітті белдікпен қылқындырып өлтірген. Үш адамға күдік келтіріліп отыр. Олар адамды тұншықтырған, содан кейін денесін жол бойына тастап, автомобильді айдап кеткен», - дейді полициядағылар.
Азамат Ұйықбаев 13 желтоқсанда із-түзсіз жоғалған.
Туған-туыстарының айтуынша, Набережное ауылынан «Лада 2110» автомобилімен шығып, Павлодардағы жұмысына кеткен. Шамамен 19:00-де телефон арқылы әйеліне өзінің автовокзалда екендігін хабарлаған. Кейінірек телефоны өшіп қалған.
Қылмысқа түрмеден шыққан үш адам күдіктелуде.