Жол апатын фото мен видеоға түсірген куәгерлердің айтуынша, оқыс жағдай бүгін сағат 14:34 кезінде Кутузов пен Шөкин көшелерінің қиылысында орын алған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Трамвай басқармасы ұсынған ақпаратқа сүйенсек, жарақат алғандар жоқ. Қос көліктің жүргізушілері тежегішті дер кезінде басқан. Вагонға шығын келтірілмеді. Төрт минуттан кейін трамвай Кутузов көшесімен жүріп, жұмысына қайта кірісті.