«Омбы — Майқапшағай» автожолының Аққулы ауданы аумағындағы бөлігінде Changan CS75 және Skoda Rapid автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.
— Алдын ала мәліметтер бойынша, көлік құралдары соқтығысқан. Оқиға салдарынан Skoda автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Екінші автокөліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді, — деп хабарлады өңірлік полиция департаментінен.
Полиция жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.
Автокөліктер мамандандырылған айып тұрағына қойылған. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.
Тәртіп сақшылары қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, жылдамдық режимін бұзбауды, көлік қозғалысы қарқынды учаскелерде сақ болуды және көлік құралдарының техникалық жағдайын тұрақты бақылауда ұстауды ескертеді.
Еске сала кетейік, Қостанайда айтыскер ақын Салтанат Өтелбаева мен жолдасы жол апатынан көз жұмды.