Павлодарда жұртшылықты резеңке қайықпен серуендетіп жүргендерге тыйым салынуы мүмкін

Фото: pavon.kz

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Ертіс өзенінің Орталық жағажайына тура келіп, адамдарды су үстіне серуендеуге алып шығатын қайықтарды бақылауға алуды тапсырды. Суға түсу кезеңінде олар тынығушыларға қауіп төндіруі мүмкін.

«Орталық жағажайда жүргенімде резеңке қайыққа мінген азаматтар ақша алып, адамдарды су бетінде серуендетіп жүргенін байқадым. Қайыққа мінгендер арасында балалар да бар. Ертіс ағыны өте қатты өзен екенін ескеруіміз керек, бұл адамдардың өміріне қауіпті болуы мүмкін. Бұған қоса жағажайда қайықтар үшін бюджет қаражатына арнайы пирс салынған. Алайда қайықтар онда емес, жағалауға келіп тоқтайды. Сондықтан жауапты органдар рейд жүргізіп, бұл мәселені тұрақты бақылауға алуы керек», -деп тапсырды өңір басшысы жауапты органдар. 

Ертіс-Баян өңірінде суға түсу маусымы әзірше ресми түрде ашылған жоқ.

Қазіргі уақытта сүңгуірлер жағажайлардағы су астын зерделеп, тазартып жатыр.

Суға түсуге тыйым салынған жерлерде 177 белгі қойылған, жақын арада тағы осындай 77 тақтайша орнатылады.

Еске сала кетейік, Ертіс өзеніне шомылып жүрген жас жігіт суға батып кетті.