Павлодардағы колонияда халал сабын және спорт киімдері өндіріле бастады

Фото: Павлодар облысы ҚАЖ департаменті

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Павлодардағы №46 мекемеде қойдың майынан халал сабын өндірісі мен Tauba бренді бойынша спорттық костюмдер тігетін бірегей жоба іске қосылды.

Бұл жоба сотталғандар үшін жаңа жұмыс орындарын құрып қана қоймай, жергілікті өндірісті қолдау мен тұрақты дамуға бағытталған.

Фото: Павлодар облысы ҚАЖ департаменті

Табиғи қоспалардан дайындалған кір сабын халал стандарты талаптарына толық сәйкес келеді. Соған орай тұтынушылар арасында сұранысқа ие болады деген сенім зор. Ал Tauba бренді бойынша тігілетін спорттық костюмдер сапа мен стильді үйлестіріп, сотталғандарға өз шығармашылық қабілеттерін көрсетуге де мүмкіндік беріп отыр. Олар бұл дағдыларын ертең бостандыққа шыққанда әрі қарай ширата түсері анық.

Фото: Павлодар облысы ҚАЖ департаменті

«Біз бұл тәсілдің қамаудағы адамдарға қатысты көзқарасты өзгертуге көмектесетініне сенімдіміз. Жобаларымыз сотталғандарды оңалту мен әлеуметтендіруге, сондай-ақ нарықта сұранысқа ие өнімдерді өндіруге бағытталған», - дейді мекеме басшысы Сұлтан Бакин.

Фото: Павлодар облысы ҚАЖ департаменті

Өндірілген өнімдер жергілікті және ұлттық нарықтарда қолжетімді болады. Бұл сотталғандардың еңбекке орналасу және өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктерін арттырады. Бұл жобалардың іске қосылуы инклюзивті және әлеуметтік бағытталған қоғам құру жолындағы қадам деп бағаланып отыр.

Еске сала кетейік, СҚО-да түрмедегілер омарташы және жібек құртын өсіруші мамандықтарын меңгереді.

Фото: Павлодар облысы ҚАЖ департаменті
Фото: Павлодар облысы ҚАЖ департаменті
Фото: Павлодар облысы ҚАЖ департаменті