Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 24 шілдеде Атырау қаласында тұратын 40 жастағы азаматтан шағым түскен.
«Шағымданушының айтуынша, оның ұялы телефондағы банк қосымшасы арқылы белгісіз
біреу 1 млн теңге несие рәсімдеген. Жәбірленушінің атына интернет арқылы несие рәсімдеген алаяқ Павлодар облысының 31 жастағы тұрғыны екені анықталды», -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.
Қазір оған қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену ) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 60 адамды жұмысқа орналастыруға уәде берген
алаяқ ұсталған болатын.