Оған қалалық жалпы білім беру мектептерінің жоғары сынып оқушылары қатысты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .
Департамент бастығы, полиция генерал-майоры Марат Қожаев жиналғандарды алдағы Тұңғыш Президент күні мейрамымен құттықтады. - Біздің Президентіміздің айқын және данагөй саясатының арқасында біз үлкен белестерге жетіп отырмыз, - деді Марат Қожаев. - Әрбір азамат Елбасының еліміздің одан әрі көркеюдегі ұсыныстарын шын жүрекпен қабылдап, қолдауы қажет. Бүгінгі біздің шараға жол қозғалысының жас инспекторларын шақырып отырмыз».
Генерал-майор қазіргі уақытта облысымызда бес мыңнан аса оқушыдан тұратын 303 жас инспекторлар жасағы бар екенін атап өтті. Оқушылар барлық сайыстарда жүлделі орындарға ие болған. Павлодар облысының командасы Ресей Федерациясы Краснодар өлкесінің Анапа қаласында өткен 12-ші ЖҚЖИ мемлекеттер арасындағы слетте бірінші орынға ие болған. - Ішкі істер органдарында қызмет ету қауіпті және игілікті мамандық болып табылады. Полицейлер азаматтардың қауіпсіздігін және тыныштығын қамтамасыз ету, тәртіпті сақтауда еңбек етеді. Сондықтан да бізге Сіздер сияқты еліміздің патриоттары, дарынды, ақылды және сауатты жастары қажет. Мен сіздердің араларыңызда полицей тергеуші, жедел уәкіл, криминалист мамандарына ие болғысы келетін жастар бар екеніне сенімдімін, - деді Марат Қожаев.
Департамент бастығының бұйрығымен жол қозғалысы қауіпсіздігін насихаттауда белсенді қатысқандары үшін ІІД грамотасымен ювеналдық полиция бөлімшесінің аға инспекторы Жанар Белялованың басшылығындағы Павлодар қаласы Жетекші кенті мектебінің «Бағдаршам» командасы марапатталды. Оқушылар үшін жедел басқару орталығына экскурсия ұйымдастырылып, жас қонақтарға қылмыс пен құқықбұзушылық туралы айтылды.