Лаңкестікпен күрес жөніндегі жедел штаб таңертеңнен бастап қала қонақтары мен тұрғындарын көлік қозғалысына уақытша орын алған қолайсыздыққа түсіністікпен қарауын өтініп, тыныштық сақтап, дүрбелең тудырмауға шақырды.
Оқу-жаттығуға ҰҚКД, ІІД, ТЖД қорғаныс істері департаменті, мамандандырылған күзет қызметі, ҚР ҰГ 5512 әскери бөлімінің күштері мен құралдары, Павлодар облысының прокуратура және әкімдік өкілдері қатысты.
Жаттығудың барлық элементтері шынайы жағдайға актіге барынша жақын болды.
Облыстық лаңкестікпен күрес жедел штабы жаттығуға қатысқан барлық қызметтердің әрекетін қанағаттанарлық деп таныды.