Үйдегі газбаллонының жарылысы кезінде анасынан айырылған павлодарлық Найлян Имашева адамөмірін жалмаған жарылыстың мән-жайына полиция қызметкерлерінің салғырт қарапотырғаны туралы айтып шағымданды. Оның айтуынша, аталмыш оқиғаға қатысты кісіөлімі бойынша емес, бөтеннің мүлкін зақымдау фактісі бойынша тергеужүргізілген.
«2018 жылдыңжелтоқсанында біздің үйде газ баллоны жарылған болатын. Біз баллонды жанармайбекетінен толтырып әкелгенбіз. Қолданып та үлгермедік. Кенет ол жарылды.Жарылыс соңы өртке ұласып, анамның денесінің 95 пайызын, әкемді 73 пайыз,өзімді 73 пайыз, қызымды 60 пайыз күйік шалды. Бәріміз жансақтау бөліміне түстік.Үшінші күні анам өмірден өтті. Осы оқиға қатысты «Бөтеннің мүлкін жою жәнебүлдіру» деген 204-бап бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді тұрғын.
Оның сөзінеқарағанда, қозғалып жатқан іске күйік шалып қайтыс болған әке-шешесі кірмейқалған.
«Істе қаза болғанәкем мен анам жоқ. Кінәлі де, жоқ, бап та жоқ. Полиция қызметкерлері Екібастұзқаласына сұрау салғанын, олардың қарауында 120 құжат жатқанын, оның барлығынжатқа білу мүмкін емес екенін айтты. Кейін бізді полиция басшысы шақырып, ісазаматтық сотқа беріледі деді», - деп шағымданды ол.
Министр ЕрланТұрғымбаев өтініш білдіргендерді тыңдап, істі тексеріп, тіркеуді тапсырды.
«Ішкі істерминистрлігінің Тергеу департаментіне барасыз. Бізде барлық іс тексеріліп,тіркеледі. Оқиға орнына да адамдар жіберіп, тексеру қажет. Өрт-техникалықсараптаманы қайта көтеру керек. Қатысы бар адамдар жауапқа тартылады. Бұл істеешқандай қиындық жоқ. Тек күтіңіз», - деді министр.
Сондай-ақ, олкінәлі қызметкерлерге қарсы «қызметінен босатуға дейін» жаза қолдану туралытуралы бұйрық дайындауды тапсырды.
«Павлодар,байланыста барсыздар ма? Департамент басшысы еңбек демалысынан қашан шығады?Оған дұғай сәлем айтыңыздар. Осы оқиға бойынша арнайы тексеру жіберемін. Қызметтенбосатуға дейін жаза қолдану туралы бұйрық дайындаңыздар. Екі адам қаза тауып,екі адамды күйік шалған. Оған ешкім кінәлі болмағаны ма? Жалпы Павлодар бойыншажұмыстарыңызға риза емеспін. Шағымданушылар көп келеді. Ешқандай реакция жоқ.Заңсыздық жайлап алған ол жақты. Барлық фактілер бойынша тексеру жіберемін», -деді министр.
Еске салсақ, бүгінҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Nur Otan партиясында азаматтарды жекемәселелері бойынша қабылдады.