Бұған дейін хабарлағанымыздай, Павлодар қаласында сорғы стансасынан ақау шығып, су беру жұмыстары шектелді. Салдарынан бүгін түске қарай Павлодар қаласының көп бөлігінде су беру тоқтады.
Жұртшылық дүкендердегі ауызсуды жапа-тармағай сатып алып, көп жерлерде су тапшылығы байқалып қалды. Көшелердегі су ауызсу құбырларында ұзын-сонар кезек пайда болды.
«Бүгін сағат 21.00-дегі жағдай бойынша технологиялық жабдықтағы ақау қалпына келтіріліп, қалаға су беріле бастады», деп хабарлады «Павлодар-водоканал» мекемесі.
Алайда сумен қамту мекемесі нақты қандай жабдықтың істен шыққаны жайында әзірге тіс жармай отыр.
Сағат 22.30-да қалада жағдай өзгерген жоқ. Тұрғын үйлердің шамамен 80-90 пайызы әлі де сусыз отыр.